Елші «EXPO-2020» көрмесінде Қазақстанның павильонының ашылу рәсіміне қатысты

Елші «EXPO-2020» көрмесінде Қазақстанның павильонының ашылу рәсіміне қатысты

2021 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі М. Меңілбеков Дубай қаласындағы «EXPO-2020» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының ашылу рәсіміне қатысты.

Павильонға келушілер мен ресми делегация үшін арнайы тур өткізіліп, оның барысында Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы туралы айтылды.

Өз сөзінде Елші М.Меңілбеков «павильон Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға, инвестициялық жобалар бойынша кездесулер мен келіссөздер өткізуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, еліміздің туристік саласын таныстыруға арналған бірегей платформа қызметін атқаратынын» атап өтті.

Павильон аясында бірқатар инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның Ұлттық күнін, Тәуелсіздік күнін және Наурыз мерекесін өткізу жоспарланған.