Қазақстан мен БАӘ толық масштабты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Қазақстан мен БАӘ толық масштабты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 19 тамызы - Онлайн режимде Қазақстан-әмірлік бірлескен сауда-экономикалық 
ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді,
әмірліктер тарапын - БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл Мазруи басқарды. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жаңа бағыттары мен ауыл шаруашылығы
және азық-түлік қауіпсіздігі, инвестициялар, энергетика, логистика және көлік, ғарыш, цифрлық технологиялар
және инновациялар, денсаулық сақтау, білім, еңбек, техникалық реттеу және стандарттау, геология, туризм, мәдениет
салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы шарт-құқықтық
базаны одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, сондай-ақ экспорттық
әлеуетті арттыру мақсатында сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізіп
тұру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Пікір алмасу барысында тараптар сауда миссияларын, бизнес-форумдарды және басқа да бірлескен іс-шараларды
кезең-кезеңімен өткізуге келісті. Сондай-ақ, жасанды интеллект, цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты
нығайту және бірлескен жобаларды әзірлеу туралы уағдаласты. Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.