
Экономикалық дипломатияны ілгерілету және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту шеңберінде, ү.ж. 1 маусымда Дубай қаласында «Eurasian Business Forum: Spotlight into Kazakhstan» сауда-инвестициялық бизнес-форум ұйымдастырылды. Жалпы алғанда бизнес-форумға 70-ке жуық делегат қатысты.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков, «Kazakh Invest» ҰК», «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері, ал БАӘ тарапынан Дубай мен Солтүстік әмірліктерінің сауда және өнеркәсіп палаталарының өкілдері, «Mirak Group», «Essa Al Ghurair Investment L.L.C», «SSA AGRI DMCC», «Ellington Group», «Canarax Trading LLC», «iMacProperties», «SABIS», «International Community School», «AMEA Power», және т.б. компанияларының басшылары қатысты.
Елші өз сөзінде Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді және өзара сауданы нығайтуға шақырды. Кейін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ БАӘ-дегі өкілдігінің басшысы Ілияс Мадимов еліміздің инвестициялық әлеуетін, шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ, Қазақстанға инвестицияларды тарту бойынша «Kazakh Invest» ұлттық компания қызметінің ерекшеліктері туралы мәлімдеді.
Сонымен бірге, «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Business Connect»-тің тең төрағасы Джеймс Мартин АХҚО шеңберінде инвестициялық жобаларды қолдаудың тұрақты құралдары туралы және АХҚО алаңында инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктері туралы хабарлады.
Панельдік сессия жұмысына «Mirak Group» төрағасы Нагиб Хури және «Essa Al Ghurair Investment L.L.C» төрағасы Эсса әл-Ғурейр қатысты. БАӘ бизнесмендері өздерінің кәсіпорындары туралы айтып, Қазақстандағы инвестициялық жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, талқылау барысында ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, туризм, тау-кен металлургиялық кешені, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және т.б. салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келген делегаттармен пікір алмасу өтті.