Ү.ж. 23-29 мамыр аралығында Әбу Дабиде Халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. COVID-19 пандемиясына байланысты биылғы шараға қатысушылар саны аса шектеулі болғанымен 300 жуық жазушылар offline және соншама online қатыса алды. Елші аталған мүмкіндікті пайдалана отырып, Араб тілі орталығының басшысы және Халықаралық кітап жәрмеңкесінің Төрағасы Әли бен Тәмиммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында М.Меңілбеков Әли бен Тәмиммен кітап индустриясындағы жаңалықтар мен жаңа сын-тегеуріндерді талқылай отырып, екіжақты мәдени және рухани байланыстарды тереңдету мүмкіндіктері бойынша өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, Елші осы жылы қазақ елінің атақты ақыны және күйшісі Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына байланысты Қазақстанда біршама шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елші ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев туралы «Н.Назарбаев және Араб әлемі» кітабын, қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының араб тіліндегі нұсқаларын Әли бен Тәмимге ресми түрде табыс етті.