Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директорының БАӘ-ге жұмыс сапары

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директорының БАӘ-ге жұмыс сапары

2021 жылғы 27 мамырда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры Е.Байдаулет БАӘ-ге жұмыс сапары шеңберінде Әбу Даби даму қоры Бас директорының орынбасары Халифа әл-Кубейсимен кездесіп, екі ұйымның қызметі аясында ықтимал өзара әрекеттесуді және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры «International Center for Biosaline Agriculture» Биосалинді ауылшаруашылығының халықаралық орталығы Бас директорының м.а. Тарифа әл-Заабимен кездесіп, АҚИҰ қызметінің шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал нұсқалары талқылады. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар 2021-2022 жылдарға арналған екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.