ҚТЖ Төрағасының БАӘ-ге жұмыс сапары

ҚТЖ Төрағасының БАӘ-ге жұмыс сапары

2021 жылы 23-24 мамырда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев БАӘ-ге жұмыс сапарымен барды.

Елшіліктің қолдауымен Н.Сауранбаевтың «DP World» компаниясының басшысы Сұлтан Ахмед бен Сулайеммен кездесу ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында тараптар логистика және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті, сондай-ақ, бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасының аясында Н.Сауранбаев Джебел Али портының қызметімен және инфрақұрылымымен танысты.