2021 жылғы 23 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Дубайда «Emirates Post Group» компаниясының төрағасы Мұхаммед әл-Қади және Бас атқарушы директоры Абдулла әл-Ашраммен кездесті.
Кездесуде екі елдің пошталық операторлары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әмірліктер құрылуының 50 жылдығы атап өтілуіне орай пошталық маркаларды басып шығару ұсынылды. Осы ретте, Елші Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бірыңғай логотиптің үлгісін тапсырды.
«Emirates Post Group» компаниясының басшылығы «Қазпошта» АҚ-мен өзара ықпалдастықты жоғары бағалап, пошталық маркаларды басып шығару туралы ұсынысты қолдады.