Қазақстандық делегацияның БАӘ-ге сапары туралы

Қазақстандық делегацияның БАӘ-ге сапары туралы

2021 жылғы 28 ақпан – 3 наурыз аралығында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Мәдиев бастаған қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.

Сапар бағдарламысының шеңберінде БАӘ-нің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен, Әмірліктердің Экономика министрлігі, Индустрия және озық технологиялар министрлігінің басшыларымен жеке екіжақты кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, «Mubadala», «ADQ», «Abu Dhabi Investment Authority», Дубай инвестициялық корпорациясы, Дубай халықаралық қаржы орталығы, Әбу Даби даму қоры, «Masdar», «Aldar Properties», «Al Dahra Holding», «Royal Group», «Mirak Group», «SSD Group» және «Al Shafi Group» сияқты БАӘ-нің ірі инвестициялық компаниялары мен қаржы ұйымдарының бірінші басшыларымен келіссөздер жүргізілді.

Кездесулер қорытындылары бойынша әмірліктер тарапымен тау-кен металлургия, аэроғарыш, ауылшаруашылық және туризм салаларына инвестицияларды тартуға бағытталған бірқатар екі жақты стратегиялық құжаттар келісілді. Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды іске асыру және өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін бірлескен қорлар құру туралы құжаттарға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Бағдарлама аясында қазақстандық делегацияның «Masdar City»-ге, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетіне және «Expo 2020 Dubai» халықаралық көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық павильонына сапары ұйымдастырылды.

Қазақстандық делегацияның жұмыс сапары 2020 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің БАӘ-ге жұмыс сапары кезінде қол қойылған ҚР мен БАӘ үкіметтері арасындағы инвестиция мәселесіндегі ынтымақтастық жөніндегі меморандумды орындау, сондай-ақ, ү.ж. 13-15 наурызда Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарларын дайындау мақсатында өтті.