Алдағы парламенттік сайлау туралы ақпараттық хабарлама

Алдағы парламенттік сайлау туралы ақпараттық хабарлама

Құрметті сайлаушылар!

 

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.

ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan»партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы»  - 113 адам.

Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.

Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны +971 244 98 773; +971 244 98 778 бойынша және k.kanafeyev@mfa.kz, abudhabi@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы 44, Rashid Bin Saeed Al Maktoum St., Main St. #2, Al Safaraat District - Abu Dhabi мекенжайында, No 283 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.