БАӘ-де Қазақстанның қатысуымен "шейх Заид мұрасы" фестивалі өтуде

БАӘ-де Қазақстанның қатысуымен "шейх Заид мұрасы" фестивалі өтуде

Ү.ж. 20 қарашада БАӘ-де "шейх Заид мұрасы" фестивалінің ашылуы өтті.

Әбу Даби қаласының әл-Уасба ауданында шейх Заидтің мәдени мұрасын сақтауға арналған фестиваль басталды. Биыл фестивальде елуден астам мемлекет өзіндік мәдениетті, тарихи мұраны және қолөнерді көрсететін болады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында Әмірліктердегі Қазақстанның Елшілігі жыл сайын елімізден шығармашылық топтарды шақырып, бір ай бойы жергілікті тұрғындарды қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен және ұлттық билерімен таныстырады.

Биыл Қазақстан атынан Нұр-сұлтан қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театры» қатысады. Би театры фестивальде қазақтың ұлттық өнерін, Назбике, Ақ баян, Шернияз және Самғау дәстүрлі билерін көрсетіп, домбыра және сыбызғы сияқты ұлттық аспаптарда ойнайтын болады. Сонымен қатар, Араб жұртшылығы Сары-арқа, Балбырауын және Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне қатысты күйлерді тыңдайды.

Шейх Заид фестивалі - өркениеттердің нағыз шеруі болып табылады, оның алаңында Әмірліктердің негізгі көрікті жерлерінің нұсқалары салынған және араб жеріндегі қоғамның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін қалай дамығанын көрсетеді.​