GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мәслихат сессиясы
28 сентября 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Маратұлы Нұртуған Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімініңішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қатысты. 

Сессияда  2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджетіне  өзгерістер енгізу туралы  мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды. 

Сессия  тиісті шешім қабылдады.

 

Тұрақты комиссия
10 сентября 2026
Тұрақты комиссияның отырысында абаттандыру мен ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

     2026 жылғы 10 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

     Комиссия отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

     Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Солоновка ауылдық округін абаттандыру және оның санитарлық жай-күйін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы округ әкімі баяндама жасады.

     Сонымен қатар Үлкен Нарын ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар қаралып,  ауыз сумен қамту бағытында жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттер айқындалды.

     Аудан мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д. Веригин комиссияның есепті кезеңдегі жұмысы бойынша есебін ұсынды.

     Талқылау барысында депутаттар елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударып, жауапты тұлғаларға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

     Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілді.

 

10 сентября 2026
Аудан мәслихатының кезекті 27 сессиясы өтті

     2026 жылғы 10 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті 27-сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен мекеме өкілдері қатысты.

    Сессияның күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер енгізілді.

     Атап айтқанда, аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңның Үлкен Нарын ауданында іске асырылу жағдайы қаралды.

     Сондай-ақ бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер талқыланды.

     Күн тәртібіндегі мәселелерге  депутаттар Ж. Сыдыкова, Р. Жомартов және Ж. Жанабаев жарыссөзге щығып, қаралып отырған мәселелерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

     Сессия барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізу, мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарын сақтау және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелеріне назар аударды.

     Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Мәслихат сессиясы
07 августа 2026
Аудан мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті

2026 жылғы 31 шілде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессияға мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Е.Байрахметов,  бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері,  мекеме басшылары қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. 

Сессияда Алтынбел, Үлкен Нарын ауылдық округтері әкімдерінің өз құзыреті шегінде оларға жүктелген  функциялар мен міндеттерді орындауы  туралы есептері, Үлкен Нарын  ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы, Үлкен Нарын ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын салу және қалпына келтіру туралы, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Алтынбел,Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері Н.Құрметов пен Д.Маратбеков есеп берді.

Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №1 сайлау округінің депутаты Р.Жомартов  Үлкен Нарын және Алтынбел ауылдық округтерінің 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы  өз құзыреті шегінде оларға жүктелген  функциялар мен міндеттерін орындау шеңберінде екі округте де  барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты оң динамиканы байқауға болатынын атап өтті.   

         Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын  ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы»  мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Бидахметов баяндама жасады.   

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге  шыққан №5 сайлау округінің депутаты Д.Веригин  ауданда агроөнеркәсіптік кешені тұрақты дамып келе жатқанын айта келе,  қойылған міндеттерге қол жеткізу және ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін одан әрі арттыру үшін өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ауыл кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі жұмыс өз жалғасын табу керектігін атап өтті.

         Күн тәртібіндегі «Үлкен Нарын ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, спорт нысандарын салу және қалпына келтіру туралы» мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Ильясов ақпарат берді.

         Осы мәселе бойынша жарыссөзге №6 сайлау округінің депутаты  Ж.Жанабаев  жалпы, ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін айтты. 

        Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы  комиссияның есепті кезеңдегі жұмысын таныстырды.

         Әр түрлі мәселелер блогындағы аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова сөз сөйлеп, депутаттардың назарына 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді ұсынды.

         Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Тұрақты комиссия
31 июля 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті

31.07.2026 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес:

  1. Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру барысы.
  2. Солоновка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы.
  3. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларының ақпараттары тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті қаулылар қабылдап, жауапты мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар берді.

Тұрақты комиссия
31 июля 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

2026 жылғы 31 шілдеде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес:

  1. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша атқарған жұмысы туралы.
  2. Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықтың әлеуметтік осал топтарымен жүргізіп жатқан жұмысы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ж.Көксегенов пен Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Кәрімнің ақпараттары тыңдалды.

Комиссия мүшелері баяндамалар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауықтыру және бос уақытын тиімді өткізу жұмыстарын жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту шаралары және азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде ұсыныстар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесі
20 июля 2026
Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 17 шілдеде Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 Қатысқандар:

     Б.Бидахметов – Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары;

     Ж.Сыдықова – Үлкен Нарын аудандық мәслихатының төрағасы;

     Е.Айтқазин – «Әділет» партиясының Үлкен Нарын аудандық филиалының басшысы;

     күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беруге жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары;

     Үлкен Нарын, Алтынбел, Ново-Поляковка  ауылдық округтерінің әкімдері.

     Отырыс барысында аудан тұрғындарының мүддесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды.

     Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

     Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесін қарау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандардың және жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың мотоцикл басқару жағдайларына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының маңына жол белгілерін орнату және жаңарту қажеттілігіне назар аударды.

     Қараусыз жүрген жануарлар мәселесі көтерілді. Қоғамдық кеңес мүшелері қараусыз жүрген иттер мен еркін жайылатын малдың тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

     Қараусыз қалған тұрғын үйлер мәселесі талқыланды. Мұндай нысандар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

     Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту мәселесі ең қызу талқыланған мәселе болды.  Отырыс барысында тұрғындарды жаңа су құбыры желілеріне қосу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және қосылу тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мәселелері көтерілді. Талқылау қорытындысы бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту, су құбыры желісіне қосылу және суды тұрғын үйлерге енгізу тәртібі туралы ақпаратты ресми ақпарат көздері мен WhatsApp топтарында уақтылы жариялау, сондай-ақ тұрғындардың туындаған сұрақтарына жедел түсіндірме беру ұсынылды.

     Отырыс қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

 

 

10 июля 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

     2026 жылғы 10 шілдеде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Маратұлы Нұртуған, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімінің, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері,  «Нарын таңы» газетінің тілшісі қатысты.

     Сессияда  «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджетіне  өзгерістер енгізу туралы,  «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер мен толықтыру  енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын  сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшеріне  өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының консультативтік-кеңесші комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасына  өзгерістер  енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісу туралы,  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

      Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

19 мая 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

   

     2026 жылғы 19 мамырда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Маратұлы Нұртуған, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы  бөлімінің, ішкі саясат, сәулет, құрылыс, қала құрылыс бөлімдерінің басшылары, Алтынбел, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары,   «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы қатысты.

     Сессияда  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 18/191–VIІI «2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы  6 қыркүйектегі       №5/41-VІІІ  «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы              № 3/15-VIII «Үлкен Нарын ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы,  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші  сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.

      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

     Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Тұрақты комиссия
17 апреля 2026
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті

17.04.2026 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.     Отырысқа комиссия төрағасы Д.Веригин, комиссия мүшесі Р.Жомартов қатысты.  Күн тәртібіндегі   Алтынбел ауылдық округінің су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы мәселе бойынша Алтынбел ауылдық округінің әкімі М.Естаулетовтың, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Айдарбаеваның  баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы