Меню

Страницы

Статья

МУРЗАКАНОВА САРА НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫ

Сара Наурызбайқызы Мырзақанова 1948 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Парамоновка ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Парамонов мектебін бітіріп, Өскемен педагогикалық институтына математика факультетіне түсіп, 1966 жылы бітірді.

Еңбек жолын 1966 жылы Парамонов  сегізжылдық мектебінде бастаған.

1969 жылдан 1997 жылға дейін Балғын орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып, 1975 - 1978 жылдар аралығында Балғын орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

1997 жылдан 1999 жылға дейін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде математика пәнінің оқытушысы болып еңбек етті.

 Сара Наурызбайқызының бүкіл еңбек жолы еңбекқорлықтың, өскелең  ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлестің, білім беру саласындағы зор жетістіктердің эталоны болып табылады. Оның шәкірттері туған ауылының өркендеуіне ықпал етіп, көптеген маңызды іс-шаралардың демеушілері болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымы өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етті.

Сара Наурызбайқызының шәкірттері түрлі олимпиадалар мен байқауларда тамаша білім көрсетті. Жоғары кәсібилігінің арқасында түлектері математиканы жетік меңгеріп, ол  тәлімгер болған  шәкірті Айнаш Кабидолдақызы Касаинова жоғары білікті математика мұғалімі болды. Қоғамдық қызметпен айналысты, ауылдың әйелдер кеңесінің төрағасы, ауылдық Кеңестің депутаты болды, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешті.

1987 жылы білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «Оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

1993 жылы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/82-VIII шешімімен ауданның білім, мәдениет саласына сіңірген ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Үлкен Нарын ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2025
Дата обновления
12 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 февраля 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары
Пайдалы ақпарат
12 января 2025
Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы
Пайдалы ақпарат
12 января 2025
МУРЗАКАНОВА САРА НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы