
Шығыс Қазақстан облысының Большенарым ауданындағы Майемер ауылында 1948 жылы 20 мамырда дүниеге келген.
Еңбек жолын 1967 жылы Большенарым аудандық тұтыну Одағында тауартанушы болып бастады.
1973 жылдан бастап өнеркәсіптік сауда кәсіпорнының директоры болып қызмет атқарды.
1975 жылдан бастап Большенарым бөлшек-сауда кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.
1980 жылдан бастап Большенарым сауда мәселесі бойынша аудандық тұтыну қоғамының төраға орынбасары болып қызмет атқарды.
1984 жылы Большенарым ауданының тұтыну қоғамының төрағасы болып бекітілді.
1997 - 2002 жылдар аралығында «Казагрополис» республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылығын сақтандыру кәсіпорнында жұмыс істеді. Экономика бөлімінде бас маман, экономика және қаржы бөлімінде штаттан тыс маман болып қызметтер атқарды.
Аудандық тұтыну одағы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, Большенарым аудандық сотының халық отырысына сайланды.
Екі рет ауылдық Кеңестің депутаты, бір рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Төлепберген Айтказинович көптеген грамоталармен, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының қаржы саласына 90 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/82-VIII шешімімен ауданның білім, мәдениет саласына сіңірген ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Үлкен Нарын ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.