Меню

Страницы

Статья

Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы

Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы Шығыс Қазақстан облысының Большенарым ауданындағы Жұлдыз ауылында 1951 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

Өскемен педагогикалық институтының музыка факультетін аяқтап,    1975 жылы Үлкен Нарын ауданындағы балалар музыка мектебіне  оқытушылық қызметке, бір жылдан соң директорлық қызметке тағайындалады. Өзінің саналы өмірінде яғни 1975 жылдан бастап 19 жыл бойы «Балалар музыка мектебінің» директоры болып қызмет етті.

1994 жылдан 2001 жылға дейін (Большенарым) Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімін басқарды.

2001 жылдан бастап облыстық мәдениет басқармасында қызмет атқарды.

Мәдениет саласында көптеген жылдар қызмет атқарған, облысымыздағы мәдениет саласының, оның ішінде тікелей ауылдық клубтармен, аудандық мәдениет үйлерімен жұмыс жасап, облыстағы мәдениет саласының өсіп-өркендеуіне, аудан, қала мәдениет ошақтарының қалыптасуына зор ықпал етті. Ауданның мәдениетін өркендетуге көп күш жұмсады, сол жылдары ауданның көптеген ауылдарында мәдени ошақтары ашылып, Н.С.Шамшиеваның тікелей методикалық көмегінің арқасында Республикалық байқауларда көптеген жетістіктерге жетті, «Бүкілодақтық көркемөнерпаздар сайысының» бірнеше дүркін лауреаты атақтарды жеңіп алды.

Нұрсағила Серікбайқызы мәдениет саласының қайраткері, 40 жыл мәдениет саласындағы еңбегін Үлкен Нарын ауданы, бүкіл Шығыс Қазақстан облысының өнерін, мәдениетін, халық шығармашылығын дамыту ісіне арнаған білгір маман иесі.

Нұрсағила Серікбайқызы көп жылғы қажырлы еңбегі үшін 1987 жылы «Оқу-ағарту ісінің үздігі» марапатымен марапатталды.

1993 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды.  

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/82-VIII шешімімен ауданның білім, мәдениет саласына сіңірген ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Үлкен Нарын ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

Дата публикации
12 января 2025
Дата обновления
12 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 февраля 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары
Пайдалы ақпарат
12 января 2025
Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы
Пайдалы ақпарат
12 января 2025
МУРЗАКАНОВА САРА НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы