
Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданындағы Путинцево ауылында 1956 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Білімі жоғары. Өскемен құрылыс-жол институтын 1979 жылы «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы аудандық жол учаскесінде аға шебері болып бастады.
1987 – 1988 жылдар аралығында Большенарым ауданы ӨЖУ бас инженері болып істеді.
1988 – 1996 жылдар аралығында Большенарым ауданы Зырян ЖҚУ-31 прораб қызметінде болды.
1996 – 1999 жылдар аралығында Большенарым ауданы «Казахстан» ФСКА өндіріс директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
1999 – 2003 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі болды.
2003 – 2019 жылдар аралығында Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызметінде болды.
Жұмыс істеген жылдары өзін лайықты, адал, еңбекқор, жауапты және белсенді басшы ретінде көрсетті. Жас мамандарға тәлімгер қызметін атқарды. Өзінің жеке үлгісімен еңбек ұжымында сенімге, құрметке және беделге ие болды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 9/96-VIII шешімімен ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Үлкен Нарын ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.