Меню

Страницы

Статья

Үлкен Нарын ауданының мәслихаты

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мәслихат хатшысы мәслихат төрағасы болып аталатын болды. 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлауда Катонқарағай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаттары сайланып, 30 наурызда өткен 1 сессияда мәслихат төрағасы болып №11 сайлау округінің депутаты Болаев Бейімбет Қабдрахманұлы сайланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» №424 Жарлығына қол қойылып, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Нәтижесінде  Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы құрылды.

Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 қаңтардағы кезектен тыс сессиясының шешімімен Катонқарағай аудандық мәслихаты мен Үлкен Нарын ауданының мәслихатына бөліну жолымен  қайта ұйымдастырылды.

2024 жылғы 3 қаңтарда 6 депутаттан тұратын Үлкен Нарын ауданы мәслихаты құрылды.  

2024 жылғы 8 қаңтарда болған Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 1 сессиясында мәслихат төрағасы болып №4 сайлау округінің депутаты Сыдыкова Жанар Данелханқызы сайланды.  2 тұрақты комиссия құрылып, комиссия төрағалары мен мүшелері сайланды.

Аудандық мәслихат депутаттары ауданымыздың дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Әр жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жіті назар аударып, аудан бюджетін бекітіп, оның жыл көлеміндегі атқарылуын бақылауда ұстап, аудан әкімінің есебін тыңдап, аудандағы атқарылып жатқан барлық істерде атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Халық қалаулылары ауданның рухани өміріне де өздерінің қолтаңбасын қалдырып, игі бастамалардың басы-қасында жүреді.

Дата публикации
08 августа 2024
Дата обновления
08 августа 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
07 февраля 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары
12 января 2025
АЛИМБАЕВ ТӨЛЕПБЕРГЕН АЙТҚАЗЫҰЛЫ
Пайдалы ақпарат
12 января 2025
Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы