Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есепті кезеңдегі жұмысы туралы
Құрметті мәслихат төрағасы
Құрметті депутаттар
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.
Былтырғы жылы сегізінші шақырылым депутаттарының арасынан құрылған тұрақты комиссия жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырыстарында «Үлкен Нарын ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы», «Ауданның қыс маусымына дайындығы (тұрғындарды, мемлекеттік мекемелерді жылу, отын, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды ұстау)», «Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» мәселелері қаралып, тұрақты комиссияның бақылауына қойылған болатын.
Шілде айында комиссия мүшелері Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Д.Маратбековтың «Үлкен Нарын ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы» ақпаратын тыңдап, талқылады. Баяндаушы Үлкен Нарын ауылдық округінің елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жоспар жасалып, бекітіліп, жоспарға сай, 2024 жылдың көктем айларында екі айлық елді мекендерді көркейту, көгалдандыру жұмыстары атқарылғанын, жұмыс жоспарына сай, округ бойынша жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдар, мектептер, тұрғындар санатынан қатысқан сенбіліктер өткізіліп, өткізілген сенбіліктерде барлық ауылдарда тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараты, мектептер және сауда орындарының айналасы тазаланып, маңайына ағаш көшеттері, жеміс көшеттері, гүлдер отырғызылып, гүлзарлар реттелгендігін, көктем мезгілінде шырша көшеттері отырғызылғанын мәлімдеді. Елді мекендерде қараусыз малдарды алдын алу мақсатында мал жаю табындары ұйымдастырылған. Депутаттар ауылдық округте аббаттандыру жұмыстары қанағаттанарлық деңгейде жүргізілгенін атап өтті. Алайда, округтегі көркейту, көгалдандыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар әлі де болса жеткіліксіз. Олардың қатарына Үлкен Нарын ауылындағы көп пәтерлі үйлердің кәріз, ауыз су және жылумен қамту жүйелерінің көп бөлігінің тозығы жетіп ескіргендіктен ауыстыруды талап етеді және аула аумақтарын абаттандыру қажет, қатты қоқыс қалдықтарын төгетін орындарды санитарлық талаптарға сай келтіру, ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындарды жою, бұзылған ғимараттардың орнын тазалап, рекультивация жасау өткізу сияқты біршама іс-шараларды атқару қажеттілігін ескеріп, тиісті ұсыныстар жасады.
Қазан айында комиссия мүшелері Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Зайнолдиновтың «Ауданның қыс маусымына дайындығы (тұрғындарды, мемлекеттік мекемелерді жылу, отын, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды ұстау)» ақпаратын тыңдап, талқылады. Депутаттар аудан көлемінде орындалған іс-шаралар туралы таныстырылды. Депутаттар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Отырыс нәтижесінде депутаттардың ұсыныстары ескеріле, тиісті қаулы қабылданды.
Желтоқсан айындағы отырыста Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жоспары жасалып, бекітілді.
2025 Жылдың I тоқсанында тұрақты комиссия аудан аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру мақсатында бөлінген қаражатты игеру туралы мәселелерді қараған болатын.
Ново-Хайрузовка ауылындағы Достық көшесінің 2,0 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді (93,7 млн теңге).
Үлкен Нарын ауылындағы Панфилов көшесіне орташа жөндеу жасалды (58,5 млн теңге).
Егінді ауылындағы су өткізу құбыры жөнделді (14,7 млн теңге).
Сумен жабдықтау:
Ауданның 21 елді мекенінің 18-і (94,6%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.
Үлкен Нарын ауылында су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға 1,43 млрд теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.
Көктерек ауылында – 162,3 млн теңгеге, Малонарым ауылында – 104,3 млн теңгеге су құбыры желілері жөнделді.
Облыстық бюджет есебінен бірнеше ауылда блоктық-модульдік станциялар орнатылды және тарату желілері салынды.
Көшелерді жарықтандыру
Сенное ауылында – 3,8 млн теңгеге,
Бесүй ауылында – 3,2 млн теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың II тоқсанында тұрақты комиссия «Үлкен Нарын ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен көркейту шаралары туралы» көпшілік тыңдау өткізді.
Көпшілік тыңдау барысында ауданның санитарлық жағдайы, су жүйелерінің жағдайы, қоқыс және тазалық, көшелерді жарықтандыру, ҚТҚ полигонын күтіп ұстау және ауыл ішінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы мәселелер көтерілді.
Көпшілік тыңдауды тұрақты комиссия төрағасы Д. Веригин жүргізді. Бұл шараға аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелері, депутаттар, аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, аудандық «Нарын таңы» газетінің өкілі, ауылдық округ тұрғындары шақырылып қатысты.
Аталған мәселе бойынша Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Д. Маратбеков баяндама жасап, округ бойынша атқарылған іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ алдағы жоспарларға тоқталды. Көпшілік тыңдау барысында ауданның санитарлық жағдайы, су жүйелерінің жағдайы, қоқыс және тазалық, көшелерді жарықтандыру, ҚТҚ полигонын күтіп ұстау және ауыл ішінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы мәселелер көтерілді. Округ әкімі қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, ескертулерді басшылыққа алатынын жеткізді.
2025 жылғы II тоқсанда тұрақты комиссия отырысында күн тәртібі бойынша ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін, апта сайын ауданнның кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы құрлымдарының қатысуымен бекітілген кестеге сәйкес, ең төменгі сауда үстемесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері 23 жәрмеңке өткізіліп 46,9 млн теңгенің 26,9 тонна ауыл шаруашылғы өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, күнбағыс, нан-тоқаш өнімдері, балық, маринаталған қияр, қымыз, бал өнімдері және т.б.) саудаланады. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, аудан депутаттары өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап, оларға өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы тікелей кездесіп және әлеуметтік желілер арқылы, жекелей кездесулер арқылы есептерін берді.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері сессия материалдарын дайындайтын уақытша комиссияның құрамында көптеген мәселелерді тексеру, талдау, анықтау жұмыстарына қатысып отырады. Сессияға құжаттарды дайындау барысында жадынамалар жасап, ауданның елді мекендерін аралауға қатысты.
Депутаттар өз сайлаушыларымен үнемі кездесіп, сайлаушылардың талап-тілектерін мәслихатқа жеткізіп, тиісті шаралар атқарып отырады. Баяндама аяқталды.
Тыңдағандарыңызға рахмет.