Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі

№ 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер   енгізу туралы

 

 

Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Үлкен Нарын ауданы мәслихатының  2024 жылғы  5 шілдедегі                 № 4/21-VIII «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9055-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер  енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

         «Үлкен Нарын ауданында  тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы»;

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «1. Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы бекітілсін».

         көрсетілген шешіммен бекітілген Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

         тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

         «Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидасы»;

         6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «6.  Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау  үшін  тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)  немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.         .

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».        

 

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Ж. Сыдыкова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.10.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 37234 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ "Аппарат маслихата района Үлкен Нарын" - главный специалист по прававой работе Мақпал Арманқызы Алқабекова, 24.10.2025 14:33:45, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ "Аппарат маслихата района Үлкен Нарын" - Председатель Жанар Данелхановна Сыдыкова, 24.10.2025 14:34:13, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
29 октября 2025