Үлкен Нарын ауданы мәслихаттың депутаттық өкілеттіліктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына есеп

Үлкен Нарын ауданы  мәслихаттың  депутаттық  өкілеттіліктер,  әдеп  және  заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  жұмысына есеп

 

Құрметті депутаттар!

 

         Аудандық  мәслихаттың  депутаттық  өкілеттіліктер,  әдеп  және  заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2024 жылғы   8 қаңтарда аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының № 1/3-VІІІ шешімімен құрылған. Комиссияның құрамына Жанабаев Жанар және Бақтияров Дидар Кәрімжанұлы сайланған. Одан бері комиссияның құрамына өзгеріс енгізілген жоқ. Есеп беру аралығында комиссия жұмысы аудандық мәслихаттың жоспарымен үйлестірілген жұмыс жоспары негізінде жүргізілді.

Есепті кезең ішінде тұрақты комиссияның үш отырысы өткізіліп, жоспар бойынша мәселелер қаралды. Әрбір мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

2024 жылдың шілде айында өткен тұрақты комиссия отырысында Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Р.Нурмолдиннің «Ново-Хайрузовка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және  қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» ақпараты тыңдалып, зерделенді. Ақпаратқа сәйкес, Ново-Хайрузов ауылдық округінде тұрғындар арасында, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.           Округте қылмыстың алдын алу, алдын алу және заңдылығын қатаң сақтау мақсатында учаскелік инспектормен, мектеп, округ қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстың алдын алу мақсатында ауданның әр ауылында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша 3 дүкен маңына, Шаруа қожалықтарына іргелес аумақтарға, Ново-Хайрузовка ауылындағы мектеп жанына бейнебақылау камералары орнатылды. Округ әкімдігі учаскелік полиция инспекторымен, жұртшылықпен бірлесіп, алкогольді өнімдерді сату фактілерін анықтау мақсатында рейдтер, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық рейдтер жүргізіп отырады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған балалар жоқ. Округ көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда.

Баяндаушының ақпаратын зерделеп, баяндаушыға Ново-Хайрузовка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау және онымен күресу учаскелік полиция инспекторына ауылдық округ әкімдігімен, қоғамдық кеңестермен, мектеп директорларымен  бірлесіп жұмыс істеу, Кәмелет жасқа толмағандарға демалыс пен бос уақыттарын ұйымдастыру жұмыстары өткізулерін ұйымдастыру, олармен жұмыс жасау үшін ауылдық округінің қоғамдық ұйымдарын (ардагерлер кеңесін, аналар кеңесін, ақсақалдар алқасын, т.б.) тарту сияқты қажетті ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылданды.  

2024 жылдың қазан айында өткен тұрақты комиссия отырысында «Үлкен Нарын ауданында жол кәуіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Үлкен Нарын АПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Әбеновтың  хабарламасы комиссия мүшелерімен тыңдалды. Отырыс нәтижесінде жергілікті полиция қызметінің атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігі күшейтіліп, ел сенімін ақтау үшін осы қызметтің құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау,  жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыстарын толықтай атқару ұсынылды.

Сонымен қатар, жоспарға сәйкес 2024 жылдың қазан айында өткен отырыста «Новополяковка  ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және  қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы  туралы», «Ауданда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», және желтоқсан айында өткен отырыста «Үлкен Нарын ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және  қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы  туралы» мәселелерді комиссия мүшелері тыңдап,  талқылады. Депутаттар аудан көлемінде орындалған іс-шаралар туралы таныстырылды. Депутаттар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Отырыс нәтижесінде депутаттардың ұсыныстары ескеріле, тиісті қаулы қабылданды.

Желтоқсан айындағы отырыста Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық  өкілеттіліктер,  әдеп  және  заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясынің 2025 жылға арналған жоспары жасалып, бекітілді.

         Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, аудан депутаттары өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап, оларға өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы тікелей кездесіп және әлеуметтік желілер арқылы, жекелей кездесулер арқылы есептерін жыл сайын береді. Халықпен кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің оң шешілуіне өз үлестерін қосып отырады.

Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері сессия материалдарын дайындайтын уақытша комиссияның құрамында көптеген мәселелерді тексеру, талдау, анықтау жұмыстарына қатысып отырады. Сессияға құжаттарды дайындау барысында жадынамалар жасап, ауданның елді мекендерін аралауға қатысады.

       Депутаттар мереке кездері сайлаушыларына құттықтауларын жеткізіп, аз қамтылған отбасыларға, еңбек ардагерлеріне сый-сыяпаттарын жасайды.            Депутаттар өз сайлаушыларымен үнемі кездесіп, сайлаушылардың талап-тілектерін мәслихатқа жеткізіп, тиісті шаралар жасап отырады.      Комиссия өз жұмысын бекітілген жоспарға сай жалғастыруда.

       Назарларыңызға рахмет!

Тұрақты комиссия төрағасы                                                      Ж.Жанабаев

Дата публикации
30 июля 2025