Үлкен Нарын ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                        1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу  нормалары;

осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;           

осы шешімге 3-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мәслихат төрағасы

Ж. Сыдыкова

Дата публикации
10 января 2025