Аршалы аудандық мәслихатының жұмыс тобының 2025 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан 11 тұлғадан және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдерінен тұратын Аршалы ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жарияланады.
Конкурсты өткізу мерзімі 2025 жылғы 6-19 ақпан аралығына дейін конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін, он жұмыс күнін құрайды.
Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес:
1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат он сегіз жасқа толған, сондай – ақ жергілікті деңгейде-тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Аршалы ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (Аршалы кенті Ж. Тәшенов көшесі 47, Аршалы аудандық мәслихаты) қолма-қол береді немесе arch_maslihat@mail.ru электрондық мекенжайына жібереді:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Сондай-ақ, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2,4-тармақтарына сәйкес қоғамдық кеңестердің қазіргі мүшелері осы Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.