Анар ауылдық округінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

 Анар ауылдық округінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Анар станциясында азаматтарды жеке
қабылдау өткізілді. Анар станциясының тұрғындары ауылды абаттандыру, балалар ойын алаңын салу, сондай-ақ Анар станциясының клубында күрес секциясының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жүгінді. Бұл мәселе бойынша сол жерде оң шешім қабылданды.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша округ әкімі Б.Н.
Мұсабековпен барлық мәселелер талқыланып, қойылған мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарланды.