
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанда аудандық мәслихат төрағасы Ә.Балташев сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХVІІІ кезектен тыс сессиясын өткізілді, онда шешімдер қабылдаумен келесі мәселелер қаралды:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.