Аудандық мәслихаттың XXV кезектен тыс сессиясы өткізілді

Аудандық мәслихаттың XXV кезектен тыс сессиясы өткізілді

Аудандық мәслихаттың ХХV кезектен тыс сессиясы өткізілді Ағымдағы жылдың 18 қарашасында аудан әкімінің орынбасары С. Асилов пен ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевинаның қатысуымен аудандық мәслихаттың ХХV кезектен тыс сессиясы келесі мәселелерді қарастырумен өткізілді, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы.