
Ағымдағы жылдың 24 маусымында аудандық мәслихаттың төрағасы Ә. Балташев аудандық мәслихаттың ХХ кезекті сессиясын өткізді, оған аудан әкімі М. Балпан, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А. Абдрахманова мәселелерді қараумен қатысты.
1) «2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;
2) Аршалы ауданының әкімшілік–аумақтық құрылымына өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізу туралы;
3) Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы;
4) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін бекіту туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселелері туралы.