есеп беру кездесуін

есеп беру кездесуін

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Аршалы кентінің "AMANAT" партиясы Аршалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Гүлмира Омарқызы Ахимова өз сайлаушыларының алдында 2023 жылы Аршалы кентінің № 2 сайлау учаскесі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты ретінде атқарған жұмыстары туралы есеп беру кездесуін өткізді.

Есеп беру кездесуі барысында Гүлмира Омарқызы өткен уақыт кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, аудандық мәслихаттың депутаты ретінде алдағы уақытта оның алдында тұрған жоспарлары мен міндеттерімен бөлісті. Сондай-ақ, өз сайлаушыларына жоғары сенім көрсеткені үшін алғысын білдіріп, одан әрі белсенді жемісті ынтымақтастық пен өзара көмекке шақырды.