Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ақмола облысы мәслихаттарының жұртшылығымен, ақсақалдарымен, жастарымен және депутаттарымен бірқатар кездесулер өткізді, оған Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташев қатысты.
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру, Сенаттың өңірді дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ Палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылы жөніндегі міндеттер.
Аймақ мәслихаттарының депутаттарымен және жұртшылық өкілдерімен талқылаудың негізгі тақырыптары-саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыру, сондай-ақ облыстың даму перспективалары.