XIII кезектi тыс сессия өтті

XIII кезектi тыс сессия өтті

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташевтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектi тыс ХІI сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе:

1) 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2) 2024-2026 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;

3) 2024 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

4) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

5) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал  етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-қеңесші орган құрамын бекіту туралы;

6) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

8) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.

Мәслихаттың кезекті сессиясында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.