Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды  жеке қабылдау

Аудандық мәслихатының депутаты Г.О.Ахимова жеке қабылдау кестесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдауын өткізді, оның барысында Ижев ауылының тұрғыны А. И.  Олейник  жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу мәселесі бойынша жүгінді. Бұл мәселе оң шешімін тапты. Сондай-ақ, Аршалы кентінің тұрғыны Е.Т.Маханов жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, Аршалы мен Аршалы-2 кентінің арасындағы көпір бойымен жаяу жүру мәселесі туралы өтініш білдірді. Депутат Г.О.Ахимова келіп түскен өтініштің оң шешімі үшін сол жерге барды.