Мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің отырысы

Мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің отырысы

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ақкөл қ. қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағаларымен Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті, оған Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қ. Балташев қатысты.

Ақмола облысы тексеру комиссиясының төрағасы К.Б.Есмағамбетовтың, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары А.Ж. Жақиялиннің, Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.А.Политкиннің қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында бюджеттік процестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелерінде мәслихаттардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.