Жылдың 17 тамызында Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қ.Балташев пен аудандық мәслихат депутаттарының бастамасы бойынша Аршалы ауданының әкімі М.С.Балпан, Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы және депутаты Б. А. Жүсіпов және Р. Ж. Шамкенов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Е. Каналимов және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Қанафин, Целиноград, Шортанды аудандары және Қосшы қаласы мәслихаттарының төрағалары Л.А. Конарбаева, Г.А. Садвокасова, А.Ж. Қуатбеков, «Астанагенплан» ғылыми–зерттеу жобалау институты» ЖШС директоры Р. Е. Жакуповтың қатысуымен Астана агломерациясын дамыту мәселелері бойынша «Дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.Дөңгелек үстел отырысы агломерация аумағында тұратын азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауданның проблемалық мәселелерін шешу жолдарына бағытталған талқылау және ұсыныстар алмасу форматында өтті.