Депутаттық сағат өтті

Депутаттық сағат өтті

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташевтың төрағалығымен депутаттық сағат өтті, онда «Байсын-А» ЖШС және «Комби строй» ЖШС мердігерлік ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен Жібек Жолы ауылы мен Жалтыркөл ауылының 102, 6,7,8 шағын ауданын сумен жабдықтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, депутаттар Аршалы ауданының сумен жабдықтау және су бұру жол картасының жобасымен танысты. Депутаттық сағаттың қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.