Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Г.Ахимова мен А.Глебованың төрайымдылығымен Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары өтті.

Жұмыс жоспарына сәйкес экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында сөз сөйледі:

«2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» мәселе бойынша Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевина;

«Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»РММ 2022 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жантеміров;

«Жылумен жабдықтау объектілерін 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау туралы», «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК директоры Х.Барлыбай.

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Аршалы ауданының полиция бөлімінің бастығы Ж.Айбасов «Аршалы ауданындағы қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» мәселе және аудан әкімі аппаратының заң қызметінің басшысы Г.Есенгартова «Аршалы ауданында 2022 жылы және 2023 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі

Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.