
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде халықпен кездесу кестесіне сәйкес, Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.Мажиева Жібек жолы ауылдық округінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында ауыл тұрғындары Жібек жолы ауылында 300 орындық мектеп салу құрылысы, Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында су құбырын салу құрылысы және абаттандыру сияқты мәселелерді көтерді. Барлық қойылған сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.