Состоялась вторая внеочередная сессия

Состоялась вторая внеочередная сессия

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы А. Балташевтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Аршалы аудандық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Аршалы ауданының әкімі М. Балпан, облыстық мәслихат депутаты Р. Шамкенов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

         Сессияда келесі мәселелер қаралды.

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/2 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы;

3) Аршалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы;

4) » Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 34/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралышешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 « Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы.

Барлық қаралған мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды.

Кезектен тыс сессия басталар алдында депутаттар тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысын өткізді.

Күн тәртібі:

1) Аршалы ауданының азаматтарын әлеуметтік қолдау бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы;

2) Аршалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарды іске асыру туралы;

3) Алдағы жылыту маусымына дайындық іс-шараларының жоспары туралы.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.