
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Р. Шамкеновтың қатысуымен VIII шақырылым депутаттарының отырысын өткізді.
Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т. Ниевина жергілікті бюджеттерді қалыптастыру принциптерін, бюджет заңнамасы туралы баяндады.
Аршалы аудандық мәслихаты жұмысының кейбір мәселелері туралы аппарат басшысы Р. Татымтаев сөз сөйледі.
Ақмола облыстық мәслихатының депутатымен бірлесіп алдағы жұмыс жоспарын талқылады.