Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының назарына

Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2023 жылғы 16 қаңтарда сағат 10.00-де аудандық мәслихатта жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/4 «Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/2 «Аршалы аудандық округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.