Ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат келді

Ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат келді

Аршалы ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т. Жүнісов келді. Сапар аясында Талғат Тұрлыбекұлы Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарына өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндады. Өз кезегінде депутаттар тұрғындар айтқан мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Кездесу соңында Т. Жүнісов әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, баршаға денсаулық, табыс және Аршалы ауданының гүлденуі үшін жұмыстарына сәттілік тіледі.