XXXV кезекті сессиясы отті

XXXV кезекті сессиясы отті

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында аудандық мәслихат хатшысы Е. Қазбековтың төрағалығымен жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXXV кезекті сессиясы өтті. Сессия басталар алдында депутаттар бірлескен тұрақты комиссияның отырысын өткізді.  Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттарынан басқа аудан әкімі М .Балпан қатысты. Келесі мәселелер қаралды:

 

1) 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы ;

2) Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің Жалтыркөл ауылын дамыту және салу схемасын (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы) бекіту туралы

3) Ақмола облысы Аршалы ауданы Аршалы кентінің егжей -тегжейлі жоспарлау жобасымен

біріктірілген бас жоспарын түзету туралы

4) Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы, объектілерді салуға және оларға қызмет көрсетуге арналған 1-шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан 5,44 га жер учаскесіне Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының бекітілген бас жоспарының құрамында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) бекіту туралы

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясын бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

8) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

9)Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы

 

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.