«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев