Сегізінші шақырылған  Аршалы аудандық мәслихатының LII кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LII кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 14 сәуірде шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
  2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LІІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
17 апреля 2026