Ауданның мәдениет мекемелерінің жай-күйі мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпаратын тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Аршалы ауданында 43 мәдениет мекемесі, оның ішінде 18 клубтық мекеме, 25 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жібек жолы ауылында республикалық бюджет қаражаты есебінен 150 орындық мәдени-демалыс орталығы салынды. Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен Анар станциясындағы Анар ауылдық клубына күрделі жөндеу жүргізілді.

2025 жылы Михайловка, Ольгинка ауылдарындағы жылыту жүйелеріне, Шортанды ауылындағы Жастар орталығы мен қазандықтың жылыту жүйесіне 1 870,0 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2026 жылы Ольгинка ауылдық клубына су тарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 42 372,1 мың теңге бөлінді, оған костюмдер, музыкалық аспаптар, жиһаз, ұйымдастыру техникасы, жарық және дыбыс жабдықтары сатып алынды. Сонымен қатар, Анар ауылдық клубының, Жібек жолы кентінің мәдени-демалыс орталығының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, заманауи ашық сахна мен LED-экран сатып алынды.

Ауданның 17 мәдениет мекемесінде 106 клубтық құрылым жұмыс істейді, оған 1300 адам қатысады.

2025 жылы ауданның шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ақмола облысының өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Аршалы ауданы «Жыл үздігі-2025» облыстық байқауының дипломымен және 300,0 мың теңгеге сертификатпен марапатталды.

2025 жылы 1378 мерекелік іс–шара өткізілді, іс-шараларды өткізуге шығыстар-11 076,4 мың теңгені құрады.

Ауданда 25 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді, жалпы кітап қоры 231 422 дананы құрайды.

Кітапхана саласының бюджеті 134 357,0 мың теңгені құрады.

Ауданның 7 ауылында Михайловка, Арнасай, Бірсуат, Түрген, Константиновка, Бұлақсай ауылдарында және Анар станциясында ауылдық модельдік кітапханалар жұмыс істейді.

Орталық аудандық кітапхана жүйесінде Аршалы кентінде және Михайловка, Бұлақсай, Сараба ауылдарында 4 коворкинг-орталық жұмыс істейді.

Аршалы ауданында 47 дене шынықтыру ұжымы тіркелген, жүйелі түрде спортпен шұғылданатындардың жалпы саны 12 274 адамды құрайды.

Аудан аумағында 37 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 стадион, спорт кешені, 1 жүзу бассейні (Аршалы кентінде), 19 мектеп спорт залы, 6 хоккей корты (Қойгелді, Аршалы, Елтоқ, Арнасай, Түрген, Ижевский), 3 спорт алаңы (Жібек жолы), 3 футбол алаңы (Жалтыркөл, Жібек жолы, Бұлақсай) бар.

Ауданда «Аршалы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»КММ жұмыс істейді. Келесі спорт түрлері бойынша секциялар ұйымдастырылды: қазақ күресі, грек-рим күресі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, футбол, допты хоккей, шаңғы жарысы, волейбол, баскетбол, шорт-трек, гандбол, киокушинкай каратэ. Жүйелі негізде ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша турнирлер өткізіледі.

2024 жылы халықты спортпен қамту 43,0%, 2025 жылы – 47,6% құрады. Осы көрсеткіш бойынша аудан облыста 2 орын алады.

Проблемалық мәселелер де бар, ауылдық клубтарды жөндеу және олардың материалдық-техникалық базаларын нығайту жұмыстарын аяқтау қажет.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауылдық клубтарды жөндеуді аяқтауды және олардың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды қамтамасыз етуді, ауданның мәдени, тілдік және спорттық инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруды, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қамтылуын арттыруды, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін күшейтуді және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды ұсынсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
15 апреля 2026