Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LI кезекті сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LI кезекті сессиясы 2026 жылғы 27 наурызда шақырылсын. Сессияның бастауы сағат 16.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
  2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LІ кезекті сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы: Аршалы ауданында жер учаскелерін алып қою, резервке қою және аукциондық өткізу;

2) Ауданның мәдениет мекемелерінің жай-күйі мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту туралы;

3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы;   4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
15 апреля 2026