№ 2 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                 2026 жылғы 27 наурыз

 

Аршалы ауданындағы

төтенше жағдайлардың алдын алу

және жою жөніндегі жұмыс туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданы ТЖБ бас маманы А.Т. Абишевтың «Аршалы ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ ұсынылсын.

- су тасқыны жағдайларына дайындық және ден қою кезінде төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі қызметтер арасындағы үйлестіруді күшейту.

- жергілікті атқарушы органдар өз елді мекенінің аумағында қарды, мұзды және бұталарды жоюды қоса алғанда, су бұру инфрақұрылымын (нөсер жүйелерін, арықтарды, каналдарды, су өткізу құрылыстарын) тазарту және күтіп ұстау жөніндегі жұмысты жандандыру.

- комиссия жұмысының тиімділігін арттыру үшін аудандық мәслихат депутаттарын Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның құрамына қосу мүмкіндігін қарастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                         А. Анюхина

Дата публикации
01 апреля 2026