Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлансын:

№ 132 учаскелік сайлау комиссиясы

         Шаповалова Антонина Сергеевна, 1988 жылы 18 мамырда туған, «Вишневская нефтебаза» ЖШС қызметтік кеңсе тазалықшысы, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

№ 133 учаскелік сайлау комиссиясы

         Рамазанова Жибек Айдаровна, 1982 жылы 27 маусымда туған, «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК психологы, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалынан;

№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы

         Володина Надежда Владимировна, 1991 жылы 04 желтоқсанда туған, «Ижевский» ӨК зоотехнигі, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 141 учаскелік сайлау комиссиясы

         Шамшудинова Людмила Николаевна, 1982 жылы 19 ақпанда туған, жұмыссыз, Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағынан;

№ 141 учаскелік сайлау комиссиясы

         Байгужанова Мадина Ерболатовна, 2005 жылдың 2 мамырында туған, «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Аршалы аудандық мемлекеттік, банк және мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің кәсіподағынан;

№ 148 учаскелік сайлау комиссиясы

         Гамко Ирина Викторовна, 1981 жылы 29 қаңтарда туған, «Сарыоба ауылындағы №2 орта мектеп» ММ биология пәнінің мұғалімі, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 153 учаскелік сайлау комиссиясы

         Кусельбаева Разия Баграмовна, 1963 жылы 10 тамызда туған, «Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ хатшысы, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

          № 157 учаскелік сайлау комиссиясы

         Маусимбаева Гульмира Ережеповна, 1974 жылы 1 қаңтарда туған, Маусимбаев ЖК бухгалтері, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалынан;

№ 158 учаскелік сайлау комиссиясы

         Исманов Руслан Камитович, 1980 жылы 18 наурызда туған, жұмыссыз, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалынан;

№ 160 учаскелік сайлау комиссиясы

         Мантугелова Алия Кажибековна, 1986 жылы 9 маусымда туған, жұмыссыз, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 160 учаскелік сайлау комиссиясы

         Сыздыкова Капиза Капаровна, 1951 жылы 1 қарашада туған, зейнеткер, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

№ 161 учаскелік сайлау комиссиясы

         Кожахметова Саулеш Акбузауовна, 1972 жылы 8 қаңтарда туған, «Жалтыркөл ауылының жалпы білім беру мектебі» КММ мұғалімі, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ Аршалы филиалынан.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

 

Дата публикации
04 марта 2026