Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № А-12/281 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № А-06/115 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев