Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 45/5 шешіміне

қосымша

 

Аршалы аудандық мәслихатының

2026 жылға арналған

 перспективалық жұмыс жоспары

         Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, биліктің өкілді органдарының қызметін реттейтін басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Мәслихаттың негізгі мақсаты жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, халықтың еркін білдіру, оны іске асыру және олардың жүзеге асырылуын бақылау үшін қажетті шараларды айқындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Мәслихат қызметінің негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында айқындалған.

2026 жылы аудандық мәслихат сессияларында келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:

Мәселенің мазмұны

Өткізу мерзімі

1 тоқсан

 

1. Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы: Аршалы ауданында жер учаскелерін алып қою, резервке қою және аукциондық өткізу.

Баяндамашы – «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ.

2. Ауданның мәдениет мекемелерінің жағдайы мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту.

Баяндамашы - «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы.

Қаңтар-наурыз

2 тоқсан

 

1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.

Баяндамашы - «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

Сәуір-маусым

3 тоқсан

 

1.  Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және Аршалы ауданының одан әрі даму перспективалары туралы есебі.

Баяндамашы-Аршалы ауданының әкімі.

Шілде-қыркүйек

2. 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы. Баяндамашы-«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы..

Шілде-қыркүйек

4 тоқсан

 

1. 2027-2029 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы- «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

         Желтоқсан

2. Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттері туралы.

Баяндамашы -«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі»ММ басшысы.

           Желтоқсан

     

 

Дата публикации
08 января 2026