Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының № 10 ҚАУЛЫСЫ

 

Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының

№ 10 ҚАУЛЫСЫ

 

 

2025 жылғы 19 желтоқсан                                                                                Аршалы к.                                                              

 

 

2026-2028 жылдарға арналған

аудандық бюджет жобасын

қарау және талқылау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 - баптарына сәйкес, экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Т. В. Ниевинаның ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау кезінде ҚР Бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, жергілікті бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға ұсынылсын. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды, сондай-ақ Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толық пайдалану бөлігінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша шарттардың сақталуына сапалы бақылауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрайымы                                                                      Г. Ахимова

 

 

Дата публикации
06 января 2026