Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLV кезектi сессиясының  күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XLV сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2) 2026 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4)Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселелер туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
06 января 2026