Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLV кезекті сессиясының шақырылымы туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLV кезекті сессиясы 2025 жылғы 19 желтоқсанда шақырылсын. Сессияның бастауы сағат 10.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
  2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLV кезекті сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2) 2026 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселелер туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
06 января 2026